2025 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Қазақстанда «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз!» ұранымен туберкулезбен күресу бойынша республикалық айлық өтті.
Туберкулез әлі де белсенділікті және үйлестірілген әрекеттерді қажет ететін денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып қала береді. Айлықтың негізгі мақсаты - қоғамның назарын осы мәселеге аудару және алдын алу шараларын күшейту.
Солтүстік Қазақстан облысында қандай іс-шаралар өтті?
🔹 Петропавл қ. Облыстық фтизиопульмонология орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінде Ашық есік күндері (1 және 15 наурыз). Әрбір ниет білдіруші флюорографиялық тексеруден тегін өтіп, көрсетілімдер болған жағдайда фтизиатрдан кеңес алып, талдау тапсыруға мүмкіндік болды.
🔹 «City Mall» СОО флешмобы (13 наурыз). СҚО ОФПО қызметкерлері жарқын флешмоб өткізді, келушілер мен СОО қызметкерлеріне ақпараттық материалдар таратылды. Сондай-ақ, сауда орталығының аумағында жылжымалы флюорограф орнатылды, кез келген адам кезексіз және тегін тексеруден өтуге жағдай жасалды.
🔹 СҚО ОФПО әлеуметтік желілерінде «Менің жетістігімнің тарихы» челленджі. Туберкулезді жеңген адамдар басқа жандарды денсаулық үшін күресуге шабыттандырып, сауығу оқиғаларымен бөлісті. Шынайы оқиғалары бар барлығы 19 бейнеролик жарияланды.
🔹 Ағартушылық жұмыстар. Балабақшаларда, мектептерде, колледждерде, университетте, сондай-ақ өңірдің түрлі ұйымдарында туберкулез туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған дәрістер мен кездесулер өтті.
🔹 Медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар. СҚО ОФПО фтизиатрлары Көпсалалы облыстық ауруханада, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ОО және Бірінші қалалық ауруханада оқыту іс-шараларын өткізді.
🔹 «Әлемді туберкулезден нұрландыр» акциясы. 2025 жылғы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы осы аурумен күресу жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдай отырып, «Әлемді туберкулезден нұрландыр» халықаралық акциясына тағы да қосылды. Бұл күні дәстүрлер мен қазіргі заманның бірлігін бейнелейтін Петропавлдың көрнекті орны «Qyzylzhar creative center» шығармашылық индустрия орталығы Қызыл түспен жарықтандырылды.
Айлықтың аяқталуы – бұл біздің жұмысымызға нүкте қою емес, ол біздің туберкулезбен күресудегі жұмысымыз одан әрі жалғасады дегенді білдіреді. Туберкулезбен күресу және алдын алу жыл бойы жалғасады! Біз ақпараттық науқан, скринингтік тексерулер, дәрістер мен консультациялар жүргізуді жалғастырамыз.
Денсаулық - өз қолымызда! Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және тұрақты тексеруден өтуді ұмытпаңыз! 💙
Қаралым саны: 18