СТАЦИОНАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН СТАНДАРТЫ

2024 жылғы 6 қараша СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығында медицина қызметкерлеріне арналған конференция өтті.

Негізгі талқылау тақырыбы: «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына және «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 бұйрығына енгізілген жаңа өзгерістер.

Конференция барысында пациенттерді стационарлық емдеудің әртүрлі аспектілерін қозғайтын негізгі өзгерістер, сондай-ақ оларды СҚО ОФПО-да практикалық іске асыру мәселелері егжей-тегжейлі талданды.

Медицина қызметкерлерінің нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістерден хабардардылығын арттыру көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және емдеу процесін оңтайландыруға мүмкіндік туғызады.

06.11.2024
Қаралым саны: 44
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus