Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) — халықты қолжетімді, уақтылы және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды элементі.
МӘМС арқасында азаматтар бейінді мамандардың консультацияларын, диагностикалық тексерулерді, стационарлық және амбулаториялық емдеуді, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмекті қоса алғанда, медициналық қызметтердің кең спектрін алуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте қызметтердің едәуір бөлігі сақтандырылған тұлғалар үшін тегін ұсынылады. МӘМС Қазақстан Республикасының азаматтарын сапалы медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етеді.
МӘМС жүйесіне қатысу пациенттерге қаржылық жүктемені азайтуға және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, оларды сақтандыру мәртебесімен қамтамасыз етеді. Туберкулезді тексеру және емдеу сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін жүргізілетінін атап өту маңызды. Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығында МӘМС қаражаты есебінен пульмонологиялық және кеуде бейіндері бойынша пациенттер ем алады.
Денсаулық сақтау—бұл мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі.
Қаралым саны: 42
























