Туберкулезді емдеудегі негізгі басымдықтарды талқылау

2025 жылғы 25 және 26 қарашада СҚО ОФПО-да дәрігерлік конференция өтті, онда орталық мамандары 17-19 қарашада Алматы қаласында өткен «ҚР ҒТП емдеудегі және дәрі — дәрмекпен қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтар» атты республикалық семинар-кеңеске қатысу қорытындыларын ұсынды.

Конференция барысында еліміздегі ТБ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, дәріге төзімді туберкулезді емдеудің қысқа режимдері бойынша негізгі жаңартулар, ТПҚ қауіпсіздігінің белсенді мониторингін ұйымдастыру және жағымсыз реакцияларды талдау мәселелері талқыланды. Алматы қаласындағы семинарға қатысқан мамандар емдеу сапасын жақсарту, пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және біздің өңірдегі дәрі — дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру үшін қолданылатын жаңа білімдерімен және практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Осы мәселелерді талқылау туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруды жетілдіруге және туберкулезге қарсы күрес саласында жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

26.11.2025
Қаралым саны: 24
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz