Медицина қызметкерлеріне арналған семинар: «Электрондық темекі және вейп: мифтер, шындық және денсаулыққа қауіп»

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында 2025 жылғы 25 маусымда СҚО Психикалық денсаулық орталығында денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына арналған «Электрондық темекі және вейп: мифтер, шындық және денсаулыққа қауіп» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – электронды темекі мен вейптерді тұтынуға байланысты тәуекел туралы медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ пациенттерді тиімді ақпараттандыру және облыс тұрғындары темекіге тәуелділіктің алдын алуға атсалысу үшін мамандардың құзыреттілігін дамыту.

Іс-шараға педиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер және психологтар қатысты. Семинарға СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығынан клиникалық психолог Юнусова Виктория Алексеевна қатысты.

Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланды:

  • Халықтың әртүрлі топтары арасында вейпинг мәселесінің өзектілігі;
  • Вейпинг дегеніміз не және оның денсаулыққа қауіптілігі қандай;
  • Вейпингтің алдын алудағы медицина мамандарының рөлі;
  • Кәсіби және эмоционалды күйінудің алдын алу бойынша тренинг жүргізу.

Осындай танымдық іс-шараларды өткізу денсаулық сақтау қызметкерлерінің зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар мен ересектер арасында никотинге тәуелділіктің таралу қаупін азайтудағы рөлін күшейтуге ықпал етеді.


 

26.06.2025
Қаралым саны: 166
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz