🌍 Бүкіл әлемдік туберкулезбен күресу күні – 2025 🔴

«Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз!» - биылғы жылдың ұраны туберкулезбен күрес жалғасып жатқанын және әрқайсымызға қатысты екенін еске салады.

2025 жылғы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы осы аурумен күресу бойынша жаһандық күш-жігерді қолдай отырып, «Әлемді туберкулезден нұрландыр» халықаралық акциясына қайта қосылды. Бұл күні дәстүрлер мен қазіргі заманның бірлігін бейнелейтін Петропавлдың көрнекті орны «Qyzylzhar creative center» шығармашылық индустрия орталығы Қызыл түспен жарықтандырылды.

«Qyzylzhar creative Center» шығармашылық индустрия орталығы – тарихы бай ғимарат. Петропавлдықтардың аға буыны оны бұрынғы Энергетиктер мәдениет сарайы деп білсе, жастар С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры ретінде біледі. 1956 жылы ЖЭО-2 салу науқаны аясында салынған, ол мамандар мен жұмысшылардың мәдени демалысына арналған болатын. Уақыт өте келе ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы кеңестік сәулет өнерінің жарқын мысалы ретінде ғимарат қаланың сәулеттік келбетінің ажырамас бөлігіне айналды.

Бүгінгі таңда шығармашылық индустрия орталығы – шығармашылық, мәдени іс-шаралар мен жастар бастамаларын дамытуға арналған орынға айналды. Бұл орталықтың акцияға қатысуы туберкулезбен күресте дәстүрлер мен инновациялардың бірігуін білдіреді.  

📍 Бұл акцияға қатысу неге маңызды?

🔹 Туберкулез әлі де жаһандық проблема болып қала береді.

🔹 Жыл сайынғы тексеруден өту – ауруды ерте анықтау мен сәтті емдеудің кепілі.

🔹 Тек бірлескен күш-жігермен біз эпидемияны тоқтата аламыз, аурушаңдық, өлім-жітім деңгейін төмендетіп, туберкулезден зардап шеккен адамдарды кемсітуді жеңе аламыз.

Біз Орталық әкімшілігіне бастаманы қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз және бірлескен күш-жігермен туберкулезді жеңе алатынымызға сенеміз!

#ДүниежүзілікТуберкулезбенКүресуКүні #ТБТоқтату#ТуберкулёзЕмделеді #ҰФҒО #ОФПОСҚО #КАФ #QyzylzharCreativeCenter

27.03.2025
Қаралым саны: 41
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Әділет
ruh.kz
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
4 fms_rus
egov
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
4 fms_rus
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Әділет
ruh.kz
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
4 fms_rus
egov
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
4 fms_rus
Акорда