2026 жылға арналған туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының МСАК медициналық ұйымдарына мониторингтік сапарлар жоспары бекітілді.
Бүгін, 2026 жылғы 3 наурыз СҚО фтизиопульмонология облыстық орталығының мониторинг және бағалау тобының (МжБ) мамандары Қызылжар ауданының аудандық ауруханасына барды. Бұл сапардың мақсаты 2025 жылы жүргізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау, сондай-ақ туберкулезді ерте диагностикалау, емдеу және алдын алу, медициналық құжаттаманы жүргізу және КМАЖ бойынша жұмыстарды бағалау болды. Тәуекел топтарын қалыптастыру, электрондық журналды уақтылы жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, сапар аясында семинар өтті, оның барысында туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелерін талқылау, практикалық жағдайларды талдау және тәжірибе алмасу болды.
Сапар қорытындысы бойынша МжБ тобының мамандары жұмысты ұйымдастыруды жақсарту және туберкулезге қарсы көмек көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берді.





