Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

Сапа басқару жөніндегі кеңес

Бүгін, 2026 жылғы 11 ақпан СҚО фтизиопульмонология облыстық орталығында медициналық қызмет көрсету кезінде стандарттар мен нормативтік талаптарды сақтау мәселелеріне арналған медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі кеңес өтті.

Отырыс барысында стационарлық және амбулаториялық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер қаралды.ҚР ДСМ 2020 жылғы 3 желтоқсандағы«Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-230/2020 01.07.2022ж. жаңартулары бар бұйрығына, сондай-ақ ай сайынғы деректерді валидациялауға және медициналық қызметтер сапасының индикаторларын талдауға ерекше назар аударылды.

Негізгі баяндамашы пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің меңгерушісі Н.В. Шахтарина болды. Ол өз сөзінде стандарттарды қатаң сақтаудың, медицина қызметкерлерінің білімін уақтылы жаңартудың және сапаны басқарудың жүйелі тәсілінің маңыздылығына назар аударды.

Мұндай іс-шараларды өткізу персоналдың кәсіби жауапкершілігін арттыруға, медициналық көмектің сапасын жақсартуға және пациенттердің құқықтарын сақтауға ықпал етеді.