Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығына мониторингтік сапармен Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандар тобы және жаһандық қор жобасын іске асыру топтары келді.
Сапардың негізгі мақсаты—өңірдің туберкулезге қарсы қызметіне кешенді бағалау жүргізу, қол жеткізілген нәтижелерді талдау, іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Бүгін мамандардың Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Ө. Әмринмен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында мониторингтік сапардың негізгі бағыттары, өңірдің туберкулезге қарсы қызметі жұмысының ағымдағы нәтижелері, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру мәселелері талқыланды.
Мониторингтік сапардың бірінші күнінің жұмыс бағдарламасы ҚР ІІМ ҚАЖК «№48 мекемесі» РММ, «Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ, «Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, сондай-ақ облыстық фтизиопульмонология орталығының дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу бөлімшесіне баруды қамтыды.
Сапар барысында мамандар туберкулезге қарсы көмек ұйымымен танысты, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, туберкулезді ерте анықтау, пациенттерді диагностикалау, емдеу және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты, сондай-ақ медициналық және медициналық емес ұйымдарда аурудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды бағалады.
Мониторингтік сапар бірнеше күн бойы жалғасады. мамандар Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының медициналық және медициналық емес ұйымдарына барады, онда туберкулезге қарсы қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізеді, оларды өткен жылдардың нәтижелерімен салыстырады және жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін бағалайды.
Сапар қорытындысы бойынша ұйымдастыру процестерін одан әрі жетілдіруге, заманауи тәсілдерді енгізуге және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына туберкулезге қарсы көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар дайындалады.






