Бүгін, 4 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығының ұжымы Таза Қазақстан республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Орталық қызметкерлері қысқы кезеңнен кейін аумақты тазалауға білесіп шықты. Өткен жылғы жапырақтар жиналды, көгалдар мен іргелес аумақтар тазартылды, жолдар мен жасыл аймақтар ретке келтірілді. Аумақты көктемгі абаттандыруға дайындауға — пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы және жақсы күтімді орта құруға ерекше назар аударылды.
Сенбілік ұйымшылдық пен ортақ іс атмосферасында өтті. Мұндай бастамалар тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектесіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады.
СҚО ОФПО ұжымы жаздың келуімен тазалықпен, жайлылықпен және жарқын гүлденумен қуанту үшін аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастырады.





