24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық ауруханада ашық есіктер күні өтті.
Бұл күні барлық ниет білдірушілер фтизиатр-дәрігерден кеңес алып, қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар алды. Келушілер үшін ақпараттық бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ флюорографиялық тексеруден және профилактикалық скринингтерден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
Медицина қызметкерлері туберкулездің алдын алу шаралары туралы айтып, салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау және өз денсаулығына мұқият қарау қажеттігін еске салды. Сонымен қатар, пациенттерге флюорографиялық тексеру кабинеті көрсетілді, онда мамандар диагноздың қалай өтетінін және жүйелі түрде тексеруден өту неліктен маңызды екенін түсіндірді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың хабардарлығын арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және ауруларды уақтылы анықтауға бағытталған.


