2026-2028 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы ТБ және ДТ ТБ-мен күрестің кешенді және тиімді шаралары» Жаһандық Қорының (ЖҚ) грантының жобасы шеңберінде 28-29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығының базасында «Туберкулез инфекциясы мен туберкулезді емдеудің қысқа режимдері: заманауи тәсілдер және аМБЛ» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны ҚР фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы мен ЖҚ ұйымдастырды.
Тренингке фтизиатрлар мен фтизиопедиатрлар, сондай-ақ туберкулез инфекциясы, дәріге сезімтал және дәріге төзімді туберкулезді емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, АКӘЖ, аМБЛ, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жауапты мамандар қатысты.
Екі күн ішінде қатысушылар туберкулез бойынша өзекті эпидемиологиялық жағдайды, ДДҰ-ның жаңартылған ұсынымдарын, ДС және ДТ ТБ заманауи қысқа емдеу режимдерін, пациенттерді іріктеу критерийлерін және терапия қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Тренингтің практикалық бөлігіне клиникалық жағдайларды талдау, топтық жұмыс, миға шабуыл және SWOT талдауы кірді.
Жеке блок туберкулезге қарсы препараттардың (аМБЛ) қауіпсіздігі мен тиімділігінің белсенді мониторингіне, дәрілік менеджментке және емдеудің тиімділігін арттырудағы әртүрлі деңгейдегі мамандардың рөліне арналды.
Тренинг қорытындылармен, алған білімдерін бағалаумен және қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.
Мұндай тренингтерді өткізу туберкулезге қарсы қызмет тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізуге, пәнаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және туберкулезбен және туберкулез инфекциясымен ауыратын науқастарды анықтау, емдеу және мониторингілеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.