Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығында туберкулезді зертханалық диагностикалаудың заманауи тәсілдеріне арналған дәрігерлік конференция өтті.
Іс-шара барысында ауруды диагностикалаудың стандартты және инновациялық әдістері, олардың мүмкіндіктері, артықшылықтары және туберкулезді уақтылы анықтаудағы рөлі қарастырылды.Диагностиканың дәлдігін арттыру және қоздырғыштың дәріге төзімділігін анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі туберкулезді диагностикалауда толық геномдық секвенирлеу (Whole Genome Sequencing, WGS) технологиясын қолдану болды.Қатысушыларға туберкулез микобактерияларының геномын егжей-тегжейлі талдауға, дәріге төзімділікпен байланысты мутацияларды анықтауға, сондай-ақ тиімді емдеу тактикасын таңдау үшін толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін осы әдістің артықшылықтары туралы ақпарат берілді.Бүгінгі таңда бұл жоғары технологиялық әдістеме Қазақстан Республикасында ҚР ДСМ фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының базасында ғана қолжетімді, бұл оның туберкулездің заманауи зертханалық диагностикасын дамыту үшін бірегейлігі мен маңыздылығын атап көрсетеді.
Қазіргі диагностика —бұл зертханалық зерттеулер ғана емес, сонымен қатар мамандардың білімін үнемі дамыту. Сондықтан кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және жаңа технологиялармен танысу туберкулезге қарсы қызмет жұмысының маңызды бөлігі болып қала береді.



