2025 жылғы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданынан балада туберкулез ауруының клиникалық жағдайын талдауға арналған Zoom-конференция өтті.
Онлайн-кеңеске СҚО фтизиопульмонология облыстық орталығының мамандары, Мамлют ауданының АА өкілдері: директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары және директордың алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі орынбасары, сондай-ақ облыстық және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар эпидемиологиялық жағдайға жан-жақты талдау жүргізді, инфекцияның ықтимал берілу жолдары мен қауіп-қатерін талқылады, сондай-ақ жүргізілген эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақыттылығы мен толықтығына баға берді. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, балалар арасында туберкулезді ерте анықтау мен алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту, пациенттерді бағыттауды жетілдіру, сондай-ақ ұйымдастырылған балалар ұжымдарында қосымша профилактикалық іс-шаралар өткізу бойынша ұсынымдар әзірленді.
СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығы облыс аудандарына туберкулездің таралуын алдын алу, ерте анықтау және бақылау мәселелерінде әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Қаралым саны: 171






















