Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттану бойынша пациенттерге сауалнама жүргізу

Пациенттердiң көрсетiлген медициналық көмекке қанағаттануы әр медициналық мекеме үшiн өте маңызды критерий болып табылады. Осы мәселенi талдау мақсатында 2018 жылдың 13-16 ақпан аралығында «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ШЖҚ КМК пациенттерi арасында ерiктi түрде жасырын сауалнама жүргiзiлдi.

Сауалнаманың сұрақтары пациенттердiң стационарлық қызметтi бағалау туралы пiкiрiн, Пациенттерге қолдау көрсету және iшкi бақылау (аудит) қызметiмен пациенттердiң қанағаттану дәрежесiн бағалауды дәл көрсетуге мүмкiндiк бердi.

2018 жылдың 21 ақпанында өткiзiлген сауалнаманы талдау қорытындысы бойынша ОТҚД қызметкерлерiнiң мәжiлiсi өткiзiлдi. Мәжiлiске бас дәрiгердiң емдеу жұмысы жөнiндегi орынбасары, өкпе-терапия бөлiмшелерiнiң дәрiгерлерi, диспансерлiк бөлiмшенiң дәрiгерлерi және мейiрбикелер қатысты.

Мәжiлiсте науқастардың негiзгi проблемалары талқыланды: қабылдау немесе тексеру үшiн күту уақыты; тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне кiрмейтiн дәрi-дәрмектердi өз есебiнен сатып алу қажеттiлiгi; пациенттердiң құқықтары туралы ұсынылған ақпараттың жеткiлiксiздiгi.

Медициналық көмектiң сапасына қанағаттануды үздiксiз бағалау үшiн Пациенттерге қолдау көрсету қызметiмен тоқсан сайынғы негiзде пациенттер арасында сауалнама жүргiзiледi. Пациенттердiң қанағаттанушылық көрсеткiшi туберкулезбен ауыратын науқастарға және олардың отбасыларына көмек көрсету сапасының соңғы индикаторы болып табылады.

Пациенттердiң пiкiрi бiз үшiн өте маңызды!

Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттану бойынша пациенттерге сауалнама жүргізу

21.02.2018
Қаралым саны: 976
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz