Перинаталдық орталықтағы туберкулз туралы не білу керек

9 қарашада Петропавл қаласының перинаталдық орталығында жүкті әйелдердегі туберкулез және жаңа туған нәрестелердегі туберкулездің спецификалық профилактикасы тақырыбында мамандарға арналған семинар өтті.

Жүктілік бойынша диспансерлік есепке алу кезінде әйелдер өкпенің соңғы флюорографиясын, сонымен қатар отбасы мүшелерінің ФЛГ ұсынуы керек, өйткені жүктілік кезінде тексерудің бұл түрін жасау қажет емес.

Жүкті әйелде туберкулезді анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізудің себебі - әлсіздік пен шаршағыштық, тершеңдіктің жоғарылауы, әсіресе түнгі уақытта, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, субфебрильді температура, 2 аптадан астам жөтел, ентігу, кеудедегі ауырсыну. Туберкулез анықталған жағдайда жүкті әйелді одан әрі бақылау фтизиатрмен бірге жүргізіледі.

БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестелердегі туберкулезді белсенді алдын алу үшін перзентханаларда жүргізіледі. Ағзаға енгеннен кейін БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін белсендіреді. Нәтижесінде ол ағзаға енген микробтық жасушаларға қарсы антиденелер шығарады және туберкулезге ұзақ уақыт иммунитет қалыптастырады, оны инфекцияның қауіпті түрлерінен қорғайды.

БЦЖ вакцинациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, балалар туылғаннан кейін 3-5 күн ішінде вакцинацияланады, осылайша бұл ауыр ауруға қарсы иммунитет мүмкіндігінше ертерек қалыптасады.

Қазіргі уақытта БЦЖ – туберкулезге қарсы жалғыз қолжетімді тиімді және қауіпсіз вакцина.

Семинарды облыстың бас штаттан тыс фтизиопедиатры Қ.А. Жабаева және СҚО ТБ емдеу жөніндегі облыстық үйлестірушісі А.Н. Турленова өткізді. Семинар барысында дәріскерлер тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

10.11.2022
Қаралым саны: 364
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz