Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10-л бұйрығымен Құмар Тілебалдинұлы Күсемісов Солтүстік Қазақстан облысы Облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Қ.Т. Күсемісов 1985 жылы 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжін бітіргеннен кейін Қарағанды қ. фтизиопульмонология орталығының жан сақтау бөлімінің мейірбикесі қызметінен бастады.
2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық орталық ауруханасының хирургі лауазымына қабылданды, одан әрі әр жылдары сарапшы дәрігер, бас дәрігер орынбасарының м. а. болып қызмет атқарды.
2016 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті госпиталінің бастығы қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық мәселелер және кадр саясаты жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап СҚО ДСБ басшысы қызметін атқарды.
СҚО ОФПО ұжымы директор лауазымына тағайындалуымен құттықтайды және жаңа қызметте табыс, оптимизм мен күш қуат, іскерлік шеберлік пен табандылық, өркендеу мен сәттілік тілейді.
Біздің ұжымға қош келдіңіз!
Қаралым саны: 1089





















