Облыстық фтизиопульмонология орталығында кадрлық тағайындау өтті. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2025жылғы 12 желтоқсаннан № 52-л бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы фтизиопульмонология облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы болып Бижанов Қаныш Болатұлы тағайындалды.
Қаныш Болатұлы 1977 жылы Жезқазған облысында (қазіргі Ұлытау облысы) дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын емдеу іс мамандығы бойынша, Халықаралық экономикалық институтын Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Медициналық институтты бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысына Целинный орталық аудандық ауруханасының хирургі болып жұмыс істеуге келді.
Әр жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК директоры болды.
2024 жылғы 27 наурыздан 2025 жылғы 13 тамызға дейін СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
ОФПО ұжымы Қаныш Болатұлын тағайындалуымен құттықтайды және оның кәсібилігі, басқарушылық тәжірибесі мен іске жауапкершілікпен қарауы орталықтың одан әрі дамуына негіз болатынына шынайы сенімін білдіреді.

Қаралым саны: 71



















