ҚР ҒТП емдеудегі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтар

2025 жылғы 17-19 қарашада Алматы қаласында 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қор грантының жобасы шеңберінде «ҚР ҒТП емдеудегі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтар» атты республикалық семинар-кеңес өтуде. Іс-шараны ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы серіктестермен (ЖҚ ЖІАТ, КNСV, ДҮС) бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар-кеңестің мақсаты-Қазақстан Республикасында дәріге төзімді туберкулезді емдеудің қысқа режимдерін тиімді және қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ туберкулезге қарсы препараттардың қауіпсіздігін дәрілік қамтамасыз ету және мониторингілеу жүйесін нығайту.

Семинар-кеңес барысында туберкулезге қарсы препараттармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қысқа емдеу режимдерін кеңейту жағдайында қажеттілікті жоспарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңеске СҚО ОФПО дәрімен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестірушісі О. А. Малков қатысты.

Секция жұмысы барысында дәрімен үйлестірушілерге арналған келесі тақырыптар қарастырылды: ДТ ТБ емдеудің қысқа режимдерін кеңейту жағдайында дәрілік менеджменттің үздік тәжірибелері; туберкулезге қарсы препараттарға қажеттілікті есептеу үшін туберкулезбен ауыратындардың ұлттық тіркелімін (ТНҰТ) және оның модулін пайдалану; емдеудің жаңа схемаларын және бюджетті бағыттар бойынша бөлуді ескере отырып, 2026-2028 жылдарға арналған ТПҚ сатып алуды жоспарлау (ТИ, ТБ, ДТ ТБ); өңірлерде ТНҰТ дәрілік модулін қолдану тәжірибесі; жылдық қажеттілік пен ТПҚ сатып алу жоспарларын жасау бойынша практикалық міндеттер.

Алынған білім мен практикалық дағдылар аймақтың туберкулезге қарсы препараттарға қажеттілігін дәлірек жоспарлау және туберкулезбен және дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

 

18.11.2025
Қаралым саны: 47
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz