2025 жылғы 10-11 қарашада Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының базасында «Қазақстан Республикасында туберкулез инфекциясын анықтау мен емдеудің негізгі аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және Жаһандық қор «Туберкулез» компоненті бойынша жоба аясында ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты ДДҰ-ның Туберкулезді жою стратегиясының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шаралардың сапасын арттыру болды.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ҰҒФО, ҚР ІІМ ҚАЖК өкілдері, еліміздің барлық өңірлерінен туберкулез инфекциясы бойынша үйлестірушілер мен жауапты мамандар қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысынан облыстық туберкулез инфекциясы жөніндегі үйлестіруші Альбина Нұрланқызы Түрленова қатысты, ол «Пенитенциарлық жүйеде туберкулез инфекциясын бақылау шаралары» тақырыбы бойынша өңірлік тәжірибе ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар елімізде эпидемиологиялық қадағалауды, туберкулез инфекциясының алдын алу мен емдеуді одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын белгіледі, сондай-ақ туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін бірлескен ұсыныстар әзірледі.
Қаралым саны: 58
























