Бүгін, 8 қарашада бір-бірімен тығыз байланысты бірден екі мереке атап өтіледі - Халықаралық радиология күні және рентгенолог күні. Екі мереке де физика мен медицина тарихындағы маңызды күн және оқиғамен байланысты. Өйткені, 1895 жылы 8 қарашада неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген рентген сәулесін ашты. Медицина үшін бұл жаңалық жаңа пәннің пайда болуымен ғана емес, сонымен қатар аурулар мен жарақаттардың тұтас кешенін диагностикалау саласындағы нағыз жетістікке, содан кейін терапия әдісіне айналды.
Бұл күні біз СҚО ОФПО сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі, рентгенолог дәрігер және өз ісінің нағыз маманы Светлана Анатольевна Харламованы құттықтағымыз келеді.
Светлана Анатольевна 1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Солтүстік Қазақстан облысы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде рентгенолог болып бастады. 1999 жылдың мамыр айынан бастап сәулелі диагностика бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді. «Сәулелі диагностика» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар.
Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға және СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығының жанындағы ОДКК тұрақты мүшесі болып табылады, онда диспансерлік есепке алу үшін ұсынылған облыстың барлық науқастарының медициналық құжаттары мен суреттері қаралады. Облыс рентгенологтарына консультациялық көмек көрсетеді.
2015 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2020 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Светлана Анатольевна тәртіпті, жұмысына ұқыпты және талапшыл, ұжымдағы еңбек қызметі жылдарында ол бедел мен құрметке ие болды. Үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылып, кәсіби деңгейін жетілдіріп отырады. Ол әрдайым пациенттердің мәселелеріне бей жай қарамайды және әріптестерімен қарым-қатынаста қамқорлық танытады.
Петропавл қ. ОФПО ұжымы Светлана Анатольевнаны кәсіби мерекесімен құттықтайды және мықты денсаулық, жұмыста табыс тілейді. Дәл сондай жігерлі және дана болып қала беріңіз және мансабыңызда бағындырылмайтын шыңдар болмасын, жаңа мақсаттар мен сәттілік тілейміз!
Сондай-ақ Светлана Анатольевнаны және осы мамандыққа қатысы бар барлық қызметкерлерді құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық тілейміз және жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Қаралым саны: 286



















