Бүгін, 2021 жылғы 28 қазан күні Алматы қаласында «Қазақстан Республикасында фтизиопульмонологияны одан әрі дамытудың стратегиялық мәселелері - туберкулезді және басқа да өкпе ауруларын анықтау, диагностикалау, алдын алу, емдеу» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Г.Е. Сәрсенбаева құттықтау сөз сөйледі.
ҚР ҰФҒО директоры М.М. Әденов «COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстанда туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру: фтизиопульмонологияны дамытудың өзекті мәселелері, міндеттері және келешегі» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция жұмысына халықаралық сарапшылар қатысады: А. Мошняга – «Туберкулезді тоқтату» Серіктестігінің аймақтық кеңесшісі, Женева, қатысушылардың назарына «Әлемде ТБ және ДТ-ТБ-мен күресте іс-шараларды жүзеге асыру кезінде COVID-19 пандемиясынан алынған негізгі сабақтар» баяндамасын ұсынды және Е. Сагальчик – ҒТБ техникалық кеңесшісі, IMLred, Германия, ДДҰ мақұлдаған диагностикалық алгоритмнің жаңа тенденцияларымен және жаңа тестердің әлеуетімен таныстырды.
Конференция жұмысына Солтүстік Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығынан ОФПО директорының орынбасары Р.Е. Құсайынова, ОФПО ҰӘБ меңгерушісі Ғ.С. Досаева, К/ККДТ ТБ бойынша облыстық координатор А.Д. Елеукин қатысуда.
Қаралым саны: 517
























