2021 жылғы 21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Облыстық фтизиопульмонология орталығында реанимация бөлімшесін және инфекциялық төсек-орындарды оттегімен тәулік бойы үздіксіз қамтамасыз ету үшін оттегі станциясы пайдалануға берілді.
CAN GAS CAP-O сериялы оттегі генераторы қажетті оттегі параметрлерімен қоршаған атмосфералық ауадан медициналық оттегін шығарады: концентрация, қысым, ағын. Станцияның өнімділігі — 150000 литрге дейін оттегі, концентрациясы 90%-дан 99%-ға дейін.
Бұл туралы «Хабар» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Е. Сақтағанов, «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Қ.Б. Бижанов, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі В.А. Ширин айтып берді.
Осы оттегі станциясының жұмысы арқасында пациенттер өмірлік қажетті оттегімен қамтамасыз етіледі, бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға көмектеседі.
Қаралым саны: 507
























