Нәтижені қортындылау

2024 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өткен Халықаралық қарттар күніне арналған айлық мәресіне жетті. Айлық аясында Солтүстік Қазақстан облысы Облыстық фтизиопульмонология орталығында бұл күндері флюорографиялық тексеруден өтуге ниет білдірген қарт адамдарға ашық есік күндері өткізілді. Барлығы 21 адам флюорографиялық тексеруден өтті. Солтүстік Қазақстан облысының зейнеткерлік жастағы бұрынғы 7 қызметкері толық тексеруден тегін өтті. Сондай-ақ ұйымымыздың 224 зейнеткеріне материалдық қолдау көрсетілді.  

Осы бір ай ішінде ОФПО әлеуметтік желілерінде орталығымыздың қабырғасында ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміз туралы 9 бейнеролик жарияланды. 

Барлық аға буын өкілдеріне шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, амандық, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың көңілі, қамқорлығы мен жылулығын тілейміз!

Қорытындылай келе, бір сәтке аялдап, біздің өміріміздегі ең маңызды адамдар - ата-аналарымызды еске алуға шақырғым келеді. Сүйіспеншіліктің, кішіпейілділіктің және құрбандықтың не екенін көрсететін алғашқы ұстаздарымыз – ата-анамыз. Олардың сөздері мен іс-әрекеттері біздің жүрегімізде мәңгі қалады, өйткені олар бізді мейірімділікке, шыдамдылық пен жанашырлыққа үйретті. 

Бірақ, өкінішке орай, мына зырылдап жатқан өмірде біз кейде оларға көңіл бөлуге ұмытып кетеміз. Бұған жол бермейік! Қоңырау шалыңыз, жазыңыз, оларды қаншалықты жақсы көретініңізді айтыңыз.

Ата-анаға қамқорлық жасау – қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Ата-ана баланы дүниеге келтіреді, өмір береді, тәрбиелейді, білім береді. Өмірді болжау мүмкін емес, сондықтан ата-анамызбен бірге болған әрбір сәтті бағалайық.

Ата-анаңызға қоңырау шалыңыз!

Бейнені көру үшін мына сілтемелерге өтіңіз:

Facebook: https://www.facebook.com/share/v/1EvzRzYZkD

Instagram: 

TikTok:

@doctorraya

Поздравление с праздником от мужского коллектива ОЦФП СКО!

♬ оригинальный звук - Raissa Doc

01.11.2024
Қаралым саны: 95
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus