Психикалық денсаулық — басты назарда

10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығында қызметкерлерге арналған эмоционалды әл-ауқатты нығайтуға және кәсіби сарқылудың алдын алуға бағытталған тренинг өтті.

Сабақты СҚО ОФПО клиникалық психологы —Юнусова Виктория Алексеевна өткізді.

Тренинг бағдарламасында релаксация жаттығулары, жұмыс күні ішінде ішкі тепе — теңдікті қалпына келтіру әдістері, шаршау жағдайында өзін-өзі реттеу әдістері болды.

Қызметкерлер іс-шараның жылы атмосферасын, маңызды тақырыптарды ашық талқылау және маманнан қолдау алу мүмкіндігін атап өтті.

Психикалық денсаулыққа қамқорлық сән — салтанат емес қажеттілік. Мұндай іс-шаралар ішкі тұрақтылықты сақтап қана қоймай, кәсіби қызметтің сапасын арттырады. 

10.10.2025
Қаралым саны: 100
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz