СҚО ОФПО-да «Сүт безі обыры» тақырыбында мейірбикелік конференция өтті. Конференция барысында осы аурудың алғашқы белгілері мен негізгі қауіп факторларына ерекше назар аударылды.
Сүт безінің обыры - бұл сүт безі тіндеріндегі патологиялық жасушалар бақылаусыз бөлініп, ісік түзе бастайтын ауру. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 2022 жылы әлемде сүт безі обыры диагнозы 2,3 миллион әйелге қойылған.
Аурудың дамуына әсер ететін бірқатар қауіп факторлар кемел жас, семіздік, алкогольді шамадан тыс пайдалану, сүт безі обырының отбасылық тарихының болуы, радиациялық әсер, репродуктивті тарих (мысалы, етеккірдің ерте басталуы және бірінші жүктілік жасы), темекі шегу және менопаузадан кейінгі гормондық терапия жағдайларынан артады. Жағдайлардың жартысына жуығы сүт безі обыры жиі қауіп факторларын анықтай алмаған әйелдердің ағзасын зақымдайды.
Көп жағдайда сүт безі обырының бастапқы кезеңдерде аурудың белгілері байқалмайды, сондықтан оны уақтылы анықтау өте маңызды.
Сүт безі обырының симпомдары:
- көбінесе кеудеде ауыртпай түйіннің пайда болуы;
- сүт безінің көлемі, пішіні мен түрінің өзгеруі;
- емізік ұшының ішке тартылуы, сүт безі терісі түсінің қызаруы және теріде ойықжара пайда болуы және басқа да өзгерістер;
- емізіктің немесе емізік айналасындағы терінің пішіні мен түрінің өзгеруі (ареола);
- емізіктен патологиялық немесе қан аралас шығынды дақтары пайда болуы.
Егер кеудеде қалыптан тыс түйін анықталса, түйін ауырсынуды тудырмаса да, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Денсаулығыңызды сақтаңыз және уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз!
Қаралым саны: 66