2025 жылғы 20-21 қазанда СҚО фтизиопульмонология облыстық орталығының мониторинг және бағалау тобы Айыртау ауданына барды.
Сапар барысында ҚАЖ мекемелерінің СҚО бойынша кураторы К.Ә. Әріпова №51 мекемеге барып, сотталғандар арасында туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға бағалау жүргізді.
Сондай-ақ, Айыртау аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен балада туберкулез ауруының жағдайын талдау және тәуекел тобындағы балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулин диагностикасы мәселелері бойынша семинар өткізілді.
СҚО ОФПО мамандары АА медицина қызметкерлеріне туберкулезді ерте анықтау және алдын алу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді және ауданда туберкулезге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған одан әрі іс-шаралар жоспары белгіленді.
Қаралым саны: 88


























