ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ

Жыл сайын 14 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні, бүкіл әлемде қант диабеті ауруының өршу қаупі артуына байланысты 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен енгізілді. Осы датаның таңдалуы 1891 жылы осы күні дүниеге келген канадалық дәрігер Чарльз Бест пен  физиолог Фредерик Бантингтің еңбегін мәңгі еске сақтау үшін таңдалды, олар 1922 жылы қант диабетімен ауыратын адамдардың өмірін сақтап қалатын инсулиннің ашылуында шешуші рөл атқарды, инсулин препаратын жасады. 
Қант диабеті (ҚД) — бұл ұйқы безі инсулинді жеткіліксіз өндіретін немесе ағза өзі шығаратын инсулинді тиімді пайдалана алмайтын жағдайларда дамитын созылмалы ауру. Бұл қандағы глюкоза деңгейінің артуына әкеледі. 
Қант диабетімен ауыратын науқастарда туберкулездің белсенді түрінің және оның асқынуларының даму қаупі жоғары. Себебі, қандағы қанттың көбеюі иммундық жүйені әлсіретіп, ағзаны инфекцияларға бейімді етеді.
Қант диабеті кезінде туберкулез процесінің ағымы бұзылған метаболизмнің баяу қалыпқа келуімен, туберкулезді интоксикация құбылыстарының ұзақ кезеңімен, ыдырау қуыстарының баяу жазылуымен сипатталады. Қандағы қант деңгейі нашар бақыланған жағдайда, туберкулез өте тез таралады және өкпенің кең тінін зақымдап оның ең ауыр түріне айналады.
ҚД кезінде туберкулездің даму қаупін қалай азайтуға болады?
* Қандағы қант деңгейін үнемі бақылап отырыңыз;
* Диетаны ұстай отырып дұрыс тамақтаныңыз:
* Дене белсенділігін арттырыңыз;
* Жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтіңіз.

Аурудың алдын алу денсаулықтың кілті екенін ұмытпаңыз!

 

14.11.2024
Қаралым саны: 29
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus