ДӘРІЛІК ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС

2024 жылғы 12 және 13 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы препараттардың (ТҚП) жылдық қажеттілігін құрудың өзекті мәселелері» тақырыбында кеңес өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар туберкулезге қарсы препараттарға (ТҚП) қажеттілікті анықтаудың негізгі аспектілерін талқылады, тәжірибе алмасты және дәрілік препараттармен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін қарастырды. Келесі тақырыптарға ерекше назар аударылды: ҚР Денсаулық сақтау жүйесіндегі бірыңғай дистрибьютор жұмысының негізгі кезеңдері және ТҚП үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету, дәрілік препараттарға қажеттілікті есептеу үшін жаңа құралға шолу жүргізу, емдеудің жаңа режимдері үшін есептеулер және туберкулез инфекциясы (ТИ) үшін ТҚП қажеттілігін бағалау тәсілдері. Сондай-ақ, BPalM/BPal емдеу режимдері және 2025-2028 жылдарға арналған ТҚП сатып алу өтініміне емдеудің жаңа режимдерін одан әрі енгізу мәселелері талқыланды.

Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының ОФПО дәрілік үйлестірушісі О.А. Малков қатысты.

17.12.2024
Қаралым саны: 73
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz