ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БЕЙНЕ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ!

9 мамыр күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл күн жүректер мақтанышқа, өткеннің қасіретін ұмытпау мен мол алғысқа толы күн.
Бұл күні біз бүгінгі бейбітшілік пен бостандық үшін қатал сынақтардан өткен батырларды еске аламыз. Олардың ерлігін сөзбен ғана емес, поэтикалық жолдармен бейнеленген жанды сезімдер арқылы да құрметтейтін кез келді.

СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығы орталық қызметкерлері арасында Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдерді үздік оқуға бейнеконкурс жариялайды. Байқау Жеңіс күнінің 80 жылдығына орайластырылған.

🏅 Жеңімпаздар 2025 жылғы 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтетін дауыс беру қорытындысы бойынша бірнеше номинациялар бойынша таңдалады.

📲 Біздің әлеуметтік желілерде байқау бейнелерінің жарияланымдарын қадағалап отырыңыз және қатысушыларға лайк пен пікірлер арқылы қолдау көрсетіңіз!

14.04.2025
Қаралым саны: 153
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz