Бүгін парақшамызда орталығымыздың құрылымы туралы айтқымыз келеді.
Облыстық фтизиопульмонология орталығы Солтүстік Қазақстан облысында фтизиатриялық, пульмонологиялық және торакалды көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдеу мекемесі болып табылады. ОФПО облыс тұрғындарына туберкулез кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде: белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық медициналық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, паллиативтік көмек. Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына, пенитенциарлық жүйесі мекемелеріне туберкулездің алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалауды 2023 жылғы 29 маусым мен 1 шілде аралығында Аккредиттеу орталығының сараптамалық тобы жүргізді. Аккредиттеу бойынша комиссия отырысына сәйкес біздің орталыққа екінші санатты мәртебе берілді.
OФПО төсек-орын сыйымдылығы – 155 төсек-орынды құрайды. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған фтизиопульмонологиялық қызметті кешенді дамыту» орындау мақсатында орталықта 18 пульмонологиялық төсек-орын, 20 торакалды тқсек-орын орналастырылды.2024 жылғы 27 қарашадан бастап эпидемиологиялық маусымға байланысты қосымша 12 туберкулездік төсек-орын12 пульмонологиялық төсек-орынға оңтайландырылды және қайта бейінделді.
Облыста туберкулезді жылдам, қолжетімді және нақты диагностикалауға арналған 8 GeneXpert молекулярлық-генетикалық аппараты бар, оның 5-і аудандарда орналасқан. ОФПО-де туберкулезді бактериологиялық диагностикалауда«алтын стандарт» болып табылатын 2 БАКТЕК аппараты бар.
2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен туберкулездің дәріге төзімді түрімен ауыратын науқастарды емдеу арналған 5 өкпе-терапиялық бөлімшенің 2-ші және 3-ші қабаттарына күрделі жөндеу жүргізілді. 2025жылғаосыбөлімшенің1-шіқабатынкүрделіжөндеужоспарланып отыр, КТ аппараты, рентген аппараты, эксперттік класты УДЗ аппараты, 2 фибробронхоскоп, 1 фиброгастроскоп сатып алу жоспарлануда.
Облыстық фтизиопульмонология орталығында шұғыл және жоспарлы фтизиатриялық, пульмонологиялық және торакалды көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
Қаралым саны: 48