2024 жылғы 30 қазанда СҚО көпсалалы облыстық ауруханасының облыстық перинаталдық орталығында «Туберкулез және жүктілік» тақырыбында семинар өтті. Спикер ретінде СҚО ОФПО МжБ тобының жетекшісі А.Н. Турленова сөз сөйледі.
Жүктілік кезінде әйелдің организмі қосарланған режимде жұмыс жасайды, өйткені ол өзінің қажеттіліктерін де, дамып келе жатқан ұрықтың қажеттіліктерін де қамтамасыз етуі керек. Осы кезеңде туберкулез инфекциясының пайда болуы ана мен баланың денсаулығына қауіп төндіреді және жүктіліктің ағымын қиындатуы мүмкін.
Жүкті әйелдерде туберкулездің даму ықтималдығы туберкулезден кейін өкпенің бұрынғы зақымдануы болған жағдайда, сондай-ақ туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалармен байланыста болған кезде артады. Қосымша қауіп факторларына АИТВ, қант диабеті және әйелдің иммундық жүйесін әлсіретуі мүмкін басқа жағдайлар сияқты ілеспе аурулардың болуы жатады.
Егер әйел туберкулездің белсенді түрінен зардап шегетін болса, жатырішілік инфекцияның берілу қаупі жоғары, сондай-ақ бала туылғаннан кейін туберкулездің даму қаупі бар.
Жүкті әйелдерде туберкулезді уақытында диагностикалау және тиімді емдеу жүктілікті сақтауға, дені сау баланың туылуына және әйелдің сауығуына ықпал етеді!
Қаралым саны: 40