2025 жылғы 3-4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығының базасында тақырыпта тренинг өтті:
«Туберкулезді емдеудің қысқа режимдері: заманауи тәсілдер мен тағайындау алгоритмдері».
Іс-шараны ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы «Қазақстандағы дәріге төзімді туберкулезге тиімді ден қою шаралары» Жаһандық Қорының 2023-2025 жылдарға арналған жобасы щеңберінде ұйымдастырды.
Тренингке СҚО ОФПО мамандары, облыстың қалалары мен аудандарының дәрігер-фтизиатрлары, сондай-ақ фтизиопедиатрлар қатысты.
Бағдарламаға клиникалық жағдайларды талдайтын дәріс және практикалық сабақтар, дәріге төзімді туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, BPaL және Bpal/m қысқа мерзімді схемаларын тағайындау критерийлерін, сондай-ақ жағымсыз реакцияларды бақылау және басқару мәселелерін талқылау кірді.
Тренинг спикерлері ретінде Қазақстан Республикасындағы «Денсаулық жолындағы серіктестер» ҮЕҰ өкілдігінің басшысы Е.Ж. Әлғожин және «Денсаулық жолындағы серіктестер» ҮЕҰ маманы М.Р. Рашитов сөз сөйледі.
Мұндай тренингтер дәрігерлерге тәжірибе алмасуға, жаңа тәсілдерді игеруге және дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімді әдістерін енгізуге көмектеседі.

Қаралым саны: 50























