2025 жылдың 17 қаңтарында жоғары білікті фтизиатр Наталья Васильевна Кротевич 68 жасында өмірден озды.
Наталья Васильевна 1979 жылы Целиноград медицина институтының емдеу факультетін бітірген.
Сол жылы Солтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің базасында фтизиатрия бойынша интернатураға түсіп, 1980 жылы бітірді. 1980 жылдың тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Явленка аудандық туберкулезге қарсы ауруханасының дәрігер-фтизиатр лауазымына жұмысқа қабылданды, сол жылдың қыркүйегінде осы аурухананың 1-ші бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
1986 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне дәрігер-фтизиатр лауазымына ауысты, 1990 жылғы қаңтардан бастап 4 өкпе-терапия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, онда 2022 жылға дейін қызмет атқарды.
Наталья Васильевнаны әріптестері де, емделушілер де сауатты, жоғары білікті, өз мамандығына шексіз берілген маман ретінде танитын.
Ол өте жауапты, адал, еңбекқор, мейірімді, жанашыр еді. СҚО денсаулық сақтау мекемесі мен ОФПО тарапынан бірнеше марапаттарға ие болды.
1996 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылы Наталья Васильевна көп жылғы және адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, халықтың денсаулығына қосқан жеке үлесі үшін және Медицина қызметкері күнін мерекелеуге байланысты «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды (Ветеран труда).
Наталья Васильевна туыстарының, жақындарының, достары мен әріптестерінің есінде нағыз кәсіпқой, жарқын, мейірімді, жанашыр дос ретінде мәңгі қалады.
Петропавл қ. ОФПО ұжымы Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Қайғыларыңызға ортақпыз.
Қаралым саны: 49