ҚЫЗМЕТКЕЛЕРДІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА САПАРҒА БАРУЫ ТУРАЛЫ

2024 жылғы 27 қараша СҚО ОФПО-ның мониторинг және бағалау тобының мамандары К.Ә. Әріпова мен А.Н. Түрленева сапармен Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасына барды. Бұл сапардың мақсаты - туберкулезге қарсы іс-шараларға белсенді қатысатын медициналық -санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-практикалық көмек көрсету.

Сапар аясында семинар өтті, іс-шара барысында пациенттердің бірінде тыныс алу органдары туберкулезінің уақтылы анықталмауының жағдайы егжей-тегжейлі талданды. Ауру туындауының ықтимал себептері, диагностикадағы қателіктер және жұмысты жақсарту жолдары, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру әдістері талқыланды.

27.11.2024
Қаралым саны: 108
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz