ӨКПЕ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОДАҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2024 жылғы 12-16 қараша аралығында Бали аралында Өкпе денсаулығы бойынша одақтың Индонезия Республикасының Үкіметімен бірлесіп өткізілетін дүниежүзілік конференциясы өтеді.

Конференцияға қатысушылар туберкулезді (ТБ) және туберкулез инфекциясының (ТИ) емін тиімді жүргізу үшін әзірленген түрлі тәсілдермен және ұсыныстармен танысты. Сондай-ақ, конференция барысында туберкулез ауруына күдікті адамдардың медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейту, халықтың негізгі топтары арасында туберкулезді анықтау, емдеуге бейімділікті қалыптастыру үшін цифрлық технологияларды дамыту, туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу әлеуетін дамыту, туберкулезбен ауыратын науқастарды басқа патологиялық жағдайлармен бірге басқару сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.

Бұл конференция әр елдердің жетекші сарапшылары мен зерттеушілерін жинады және туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы озат жетістіктерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформа болды.

Аталған конференцияға «ТБ бірге жеңеміз» челленджі аясында «ТБ туралы оқу» байқауының жеңімпазы, СҚО ОФПО МиО тобының жетекшісі А.Н. Турленова қатысады.

15.11.2024
Қаралым саны: 18
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kzcoronavirus