Аурудың алдын алу және қорғану жолдары туралы айта отырып, адамдардың осы ауыр аурудың қауіптілігі туралы хабардардылығын арттыру мақсатында ДДҰ мен ЮНИСЕФ 2009 жылғы 12 қараша Дүниежүзілік пневмониямен күресу күнін атап өту бойынша ұсынысқа бастамашылық жасады.
Пневмония - бұл өкпенің жұқпалы ауруы, көбінесе балалар, қарттар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдардың өкпесін жиі зақымдайды. Пневмонияны вирустар, бактериялар және саңырауқұлақшалар сияқты бірқатар қоздырғыштар тудырады. Ең көп таралған қоздырғыштар: пневмококк, стафилококк, гемофильді таяқша, сондай-ақ «атипті» бактериялар.
Пневмонияның негізгі белгілері – қызу көтерілуі, жөтел, демікпе, кеудедегі ыңғайсыздық немесе ауырсыну. Өкпенің қабынуының жаппай өршуі, әдетте, ЖРВИ-нің таралу кезеңінде байқалады.
Өздеріңіз білетіндей, ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ. Сондықтан біз Сізге пневмонияның ғана емес, сонымен қатар басқа респираторлық жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі шараларын ұсынамыз:
- саламатты өмір салтын ұстаныңыз: дене шынықтыру және спортпен шұғылданыңыз, таза ауада жиі жүріңіз, дұрыс тамақтаныңыз, жаман әдеттерден бас тартыңыз;
- тұмауға қарсы екпе алыңыз - пневмония көбінесе тұмаудың асқынуынан болады, сонымен қатар балаларға пневмококкқа қарсы екпе еккізіңіз;
- үй-жайларды желдету және дымқыл тазалау режимдерін сақтаңыз;
- ЖРВИ-мен ауру өршіген кезеңде науқастармен байланыста болудан аулақ болыңыз, қоғамдық орындарда бетперде киіңіз, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз;
- қолыңызды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуыңыз, әсіресе жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін;
- егер аурудың белгілері пайда болса, дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды аурудан қорғаңыз!
Қаралым саны: 29