Бүгін, 7 сәуірде әлем Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтуде! 🌍 2025 жылы ол «Салауатты өмірдің басталуы – гүлденген болашақтың кепілі» ұранымен өтеді. Бұл ұран – Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығына үндеу, алдын алуға болатын ана мен нәресте өлімін жою бойынша күш-жігерді күшейтуге және жалпы әйелдердің денсаулығы мен әл-ауқатына басымдық беруге шақыру.
Бұл тұрғыда ерте жастан бастап аурудың алдын алудың маңыздылығын атап өту маңызды. Жаңа туған нәрестелерді туберкулезден қорғаудың тиімді әдістерінің бірі БЦЖ вакцинациясы. Бұл егу балалар үшін қауіпті болуы мүмкін туберкулезді менингит және өкпе туберкулезінің кең түрлері сияқты аурудың ауыр түрлерінің дамуын болдырмауға көмектеседі.
Жақындарыңыз бен болашақ ұрпақтарыңыздың денсаулығын қорғаудағы осы маңызды қадамды ұмытпаңыз. Денсаулық алдын алудан басталады! 💙

Қаралым саны: 156



















