Мақсатқа бірге: Алматы қаласында туберкулезсіз болашақты талқылау

2025 жылғы 2-3 қазанда Алматы қаласында Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің туберкулез бойынша өңірлік парламенттік саммиті, сондай-ақ «Орталық Азия, туберкулезден азат: ұлттық табыстардан өңірлік көшбасшылыққа дейін» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Іс-шараға Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің парламентшілері мен денсаулық сақтау министрлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, «ТБ ТОҚТА» серіктестігінің, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдері қатысады. Солтүстік Қазақстан облысынан конференцияға СҚО фтизиопульмонология облыстық орталығы директорының м.а. Құсайынова Раиса Ермекқызы қатысады.

Саммит пен конференция бағдарламасы пленарлық отырыстарды, тар мамандандыру пікірталастарын, секциялар мен тақырыптық топтардың жұмысын қамтиды, онда туберкулезге қарсы саладағы негізгі сын-қатерлер мен үздік тәжірибелер талқыланады. Талқылаудың негізгі тақырыптары-БҰҰ-ның туберкулез жөніндегі саяси декларациясын іске асырудағы ілгерілеушілік, туберкулезге қарсы күрестегі азаматтық қоғамның рөлі, туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеудегі инновациялар, сондай-ақ туберкулезге қарсы бағдарламаларды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Форумның қорытындысы 2026-2028 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті жеделдету туралы Өңірлік қарар қабылдау болды.

Бұл іс — шара Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерін туберкулезді қоғамдық денсаулыққа қатер ретінде жоюдың ортақ мақсатына жақындату үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен шешімдер әзірлеуге және инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған.

 

03.10.2025
Қаралым саны: 135
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz