2025 жылғы 16-17 қазанда Түркістан қаласында Түркістан облысының туберкулезге қарсы қызметінің 100 жылдығына арналған халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Фтизиатрия қызметінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология облыстық орталығынан конференцияға консультативтік - диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі Әріпова Кенжегүл Әріпқызы қатысты.
Форум бағдарламасына пленарлық отырыс, туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи мәселелеріне, ТБ-бақылауды цифрландыруға және инновациялық тәсілдерді енгізуге арналған екі ғылыми секцияның жұмысы кірді. Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жетекші сарапшыларының дәріге төзімділік, иммуносупрессиямен ауыратын науқастардағы терапия, туа біткен және өкпеден тыс туберкулездің клиникалық жағдайлары туралы баяндамалары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығы конференция ұйымдастырушыларына фтизиатриялық қызмет мамандарының кәсіби дамуына және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін іс-шараны жоғары деңгейде дайындағаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді.
Қаралым саны: 111





















