ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

2024 жылғы 25 қазанда Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Б. Бижановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекенің басты сәттерінің бірі – адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау болды. Өз саласында ерекше жетістіктер көрсеткен медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары, алғыс хаттары және ведомстволық наградалары табыс етілді.

Марапатқа СҚО облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері де ие болды:

  • СҚО ОФПО фтизиопедиатры Т.Н. Зинковская «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды;
  • СҚО ОФПО консультациялық-диагностикалық бөлімшенің мейірбикесі М.В. Землянская «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды;
  • ОФПО Анестезиология және реанимация бөлімшесінің мейірбикесі Н.Н. Гиндуллинге ҚР Денсаулық сақтау министрінен Алғыс хат табыс етілді.

Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы өз әріптестерін қажырлы және баға жетпес еңбегі үшін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, барлық бастамаларына жетістік, отбасылық амандық пен бақыт тілейді!

 

25.10.2024
Қаралым саны: 58
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области4 fms_rusegovҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Әділетruh.kz