Бағдарламалық Мақсаттар:
1 мақсат: Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.
1.1 тапсырма: Басқару және қаржыландыру тиімділігін арттыру.
2 мақсат: Өңірдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту.
2.1 тапсырма: Туберкулезбен аурушаңдық, өлім-жітім және таралу көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізу.
2.2 тапсырма: ТБ және ДТ ТБ науқастарын емдеудің пациентке бағдарланған моделін кеңейту.
3 мақсат: Облыстың туберкулезге қарсы қызметінің туберкулезбен ауыратын науқастардың емделуін арттыруға бағытталған тиімді қызметі.
3.1. тапсырма: Сезімтал және дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігін арттыру.
3.2. тапсырма: Облыстың БМСК және пенитенциарлық жүйесі мекемелерінде туберкулезге қарсы бағдарламаның тиімді мониторингін жүзеге асыру.
4 мақсат: Пациентке бағдарланған жүйенің сапасын арттыру.
4.1. тапсырма: Пациенттердің медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігіне қанағаттану деңгейін арттыру.
4.2. тапсырма: Пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің шағымдарының (өтініштерінің) негізділігін төмендету.
5 мақсат: Персоналды оқыту және дамыту деңгейін арттыру.
5.1. тапсырма: Кадрлық әлеуетті одан әрі жетілдіру.
6 мақсат: Медициналық қызмет көрсетудің ішкі процестерінің тиімді ауруханалық менеджменті.
6.1 тапсырма: Пульмонологиялық және торакальды төсек-орындарын аша отырып, ОФПО төсек-орын қорын қайта құрылымдау және қайта бейіндеу.
6.2 тапсырма: Туберкулезбен (бұдан әрі-ТБ) және тыныс алу органдарының ауруларымен (бұдан әрі-ТОА) ауыратын науқастарды оңалтудың инновациялық әдістерін енгізу.
7 мақсат: Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.
7.1 тапсырма: Қаржы қаражатын мақсатты және ұтымды пайдалану.
7.2 тапсырма: Кадрлық әлеуетті арттыру. Жоғары білікті кадрлардың құрамын қалыптастыру.
7.3 тапсырма: Орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңарту.
2018-2022 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарға сәйкес келесі бағдарламалық мақсаттар қойылған:
1 мақсат: Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.
Міндет 1.1: Басқару және қаржыландыру тиімділігін арттыру.
Міндет 1.2: Материалдық-техникалық әлеуетті арттыру.
2 мақсат: Өңірдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту.
Міндет 2.1: Төсек-орын қорын қысқарту және ТБ және К/ККДТ ТБ науқастарын амбулаториялық және стационарды алмастыратын емдеуді кеңейту жолымен облыстың туберкулезге қарсы қызметін реформалау.
3 мақсат: Туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің таралуының алдын алу, туберкулездің жаңа жағдайлары арасында асқынған түрлерінің үлес салмағын төмендету.
Міндет 3.1: Жаңа медициналық технологияларды, қазіргі заманғы әдістер мен тәсілдерді енгізу, ТБ және К/ККДТ ТБ диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы тиімді технологияларына қолжетімділікті жақсарту.
4 мақсат: Алдын алу, эпидемияға қарсы, диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізуде, БМСК-ны туберкулезді ерте уақытында анықтауға және амбулаториялық кезеңде емдеуге тартуда Облыстың туберкулезге қарсы қызметі жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндет 4.1: Амбулаториялық емдеу кезеңінде ТБ-мен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек стандарттарын айқындауды, көшіп-қонушыларға медициналық көмек көрсетуді, СҚО бойынша ҚАЖК-мен, ЖИТС ОО-мен бірлескен іс-қимылдарды қамтитын ТБ-мен күрес жөніндегі ведомствоаралық және сектораралық ынтымақтастықты күшейту.
5 мақсат: Ауруханалық тиімді менеджмент: пациентке бағытталған медициналық көмек көрсету жүйесін құру, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін үздіксіз жақсарту.
Міндет 5.1: Туберкулезді бақылаудың барлық деңгейлерінде электрондық есепке алу және есептілік жүйесін енгізу және дамыту.
Міндет 5.2: Кадрлық әлеуетті арттыру. Жоғары білікті кадрлар резервін қалыптастыру.
Мақаланы құрған күні 30.01.2018 12:53
Мақаланы жаңартқан күні 30.03.2023 13:37